Үздік маман - 2017

"Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС жұмысшылары арасында, 2017 жылы, шілде айында "Үздік маман" конкурсы өткізілді!
"Үздік маман" конкурсы мамандардың кәсіби деңгейін анықтайтын тәжірибелік және теориалық сынақтардан тұрады. Конкурс жылына бір рет өтеді, жеңімпаздар еңбекақыға, 1-орын 30%, 2-орын 20%, 3-орын 10% ай сайынғы үстемеақыға ие болады!
Конкурстың тәжірибелік бөлімі арнайы жасақталған стендтерде, "Жетібай" кенорны ӨЭҚ-2 базасында өткізілді, ал теориалық бөлімі және марапаттау рәсімі Ақтау қаласында "МЭМ" ЖШС базасында өтті.
Конкурс жеңімпаздары, үздік тоқжөндеушілер:
1-орын Жандаулетов Абылай Бактыгалиевич - "Қаламқас"
2-орын Қарабалаев Нұржан Қыдырғалиұлы - "Жетібай"
3-орын Мусабаев Самат Жанкулович - "Қаламқас"
Мекемеде өткен конкурс, "Үздік маман" конкурсының бірінші кезеңі болып табылады, мекемеде бірінші орын алған жеңімпаз "Казмұнайгаз" ҰК АҚ компаниялары арасындағы конкурсқа қатысуға жолдама алады.