Ұжым 01.02.2017 ж. Шамкелов Сламбек мырзаны, зейнетке құрметпен шығарып салды

«Маңғыстауэнегомұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымында, көп жылдар еңбек етіп, кәсіпорынның жетістіктеріне зор еңбегін сіңіріп келген,  1-санатты инженер-энергетик Шамкелов Сламбек мырзаны, 01.02.2017 ж. Серіктістік ұжымы, зейнетке құрметпен шығарып салды!

Жаңа жылдық банкет 28.12.2016 жыл!!!

Құрметті әріптестер, кәсіподақ мүшелері!

«Маңғыстауэнегомұнай» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен, 28.12.2016 жылы жаңа жылдық банкет ұйымдастырылды!

Болған жері "ИМПЕРИЯ" мейрамханасы, Ақтау қаласы 2 шағын ауданға қарсы, "Дана" супермаркеті қасында орналасқан.

Банкетті ұйымдастыруға атсалысқан кәсіподақ мүшелеріне, «Маңғыстауэнегомұнай» ЖШС басшылығына алғысымызды білдіреміз!

БАРШАҢЫЗДЫ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Энергетикетер күніне орай, Қаламқас кенорнында спорттық жарыстар өтті

Қазақстан Респуубликасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және кәсіби мерекеміз "Энергетиктер күніне" орай, салауатты өмір салтын насихаттау және мереке кезінде жұмысшы азаматтардың көңілдерін көтеру мақсатында, "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС жергілікті кәсіподақ ұйымымен, "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС жұмысшылары арасында,Қаламқас кенорнында, 2016 жылдың 14-21 желтоқсан аралығында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Қаламқас кенорнында, ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, "МЭМ" ЖШС қызметкерлері марапатталды

 14.12.2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне»  орай, «Қаламқас» кенорнында, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС жұмысшылары, ерен еңбектері үшін, Маңғыстау облысы Әкімінің алғыс хатымен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  Құрмет грамотасымен, «Маңғыстауэнергомұнай»  ЖШС Құрмет грамотасымен және «КазМұнайГаз»  ҰК АҚ  Құрмет грамотасымен марапатталды.

Хабарландыру! Жаңа жылдық банкет 28.12.2016 ж.

Құрметті әріптестер, кәсіподақ мүшелері!

«Маңғыстауэнегомұнай» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен, 28.12.2016 жылы жаңа жылдық банкет ұйымдастырылатынын хабарлаймыз!

Болатын жері "ИМПЕРИЯ" мейрамханасы, Ақтау қаласы 2 шағын ауданға қарсы, "Дана" супермаркеті қасында орналасқан.

Басталуы сағат 20:00 де.

Соңғы комментарийлер