Біз туралы

«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, өз мүшелерінің өндірістік және кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде құрылған тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Жергілікті Кәсіподақ өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары және басқа низамдық (нормативтік) актілеріне, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған прициптері мен нормаларына, «Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысына  және Жергілікті Кәсіподақ Жарғысына сай жүзеге асырады.

Жергілікті Кәсіподақ мүшелері «Маңғыстауэнергрмұнай» ЖШС-нің, «Каламкас», «Жетыбай» кенорындарындағы және Ақтау қаласындағы бөлімшелер жұмысшыларынан құралған.

Конференция Жергілікті Кәсіподақтың жоғары органы болып табылады, ол кемінде бес жылда бір рет шақырылады.

Кәсіподақ Комитеті Жергілікті Кәсіподақтың сайланбалы басшы органы болып табылады. Жергілікті Кәсіподақ төрағасы Кәсіподақ Комитетінің жұмысын басқарады.

Кәсіподақтың қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды сайланған Тексеру комиссиясы жүзеге асырады.

Жергілікті Кәсіподақтың ұйымдық құрылымы біртұтас және оған бастауыш және цехтық ұйымдар кіреді.

Кәсіподақ комитетінің (цехкомның) шешімімен «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС өңдірістік бөлімшелерінде кәсіби топтар кұрылуы мүмкін.