Жарғы

«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШСнің қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы 2015 жылғы 19 маусымда жаңа редакцияда бекіткен.

«МАҢҒЫСТАУЭНЕРГОМҰНАЙ» ЖШС
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ
ЖАРҒЫСЫ



Ақтау қаласы, 2015 жыл.

I.    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

1.1.    «Маңғыстауэнегомұнай» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, бұдан әрі - «Жергілікті кәсіподақ» деп атала отырып, өз мүшелерінің
өндірістік және кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде құрылған тәуелсіз, дербес
қоғамдық бірлестік болып табылады.
Жергілікті Кәсіподақтың толық ресми атауы:
-мемлекеттік тілде - «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы»;
- орыс     тілінде     -     «Локальный     профессиональный     союз     работников     ТОО «Мангистауэнергомунай»;
Қысқартылған атауы :
-мемлекеттік тілде - «МЭМ» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы»;
-орыс тілінде - «Локальный Профсоюз работников ТОО «МЭМ».
1.2.    Жергілікті Кәсіподақтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000 Ақтау
қаласы, өндірістік аймақ, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС әкімшілік ғимараты.
1.3.    Жергілікті Кәсіподақ өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары және басқа низамдық (нормативтік) актілеріне, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған прициптері мен нормаларына, «Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысына (одан әрі - Салалық Кәсіподақ) және Жергілікті Кәсіподақ Жарғысына (одан әрі - Жарғы) сай жүзеге асырады.
1.4.    Жергілікті Кәсіподақ Салалық Кәсіподақтың мүше ұйымы болып табылады, ол Салалық Кәсіподақтың Жарғысын мойындайды және сақтайды, мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейді, ұжымдық шарт, келісімдер негізінде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек    кұқықтары    мен    мүдделерін    қорғайды,    сондай-ақ «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС кәсіпорны деңгейінде әлеуметтік әріптестікті іске асырады.
1.5.    Жергілікті Кәсіподақ өз қызметінде мемлекеттік органдардан, жұмыс берушілерден және олардың бірлестіктерінен, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз, оларға есеп бермейді және олардың бақылауында болмайды, олардың Жергілікті Кәсіподақ қызметіне араласуына және кедергі жасауына жол берілмейді. Жергілікті Кәсіподақтың олармен өзара қарым-қатынасы тең құқылы ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік негізінде кұрылады.
1.6.    Осы Жарғы Жергілікті Кәсіподақ мүшелеріне, Жергілікті Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарына және олардың сайланбалы органдарына қолданылады.
1.7.    Кәсіподақ өзінің қызметін Маңғыстау облысы аумағында атқарады.

II. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ.

2.1.    Жергілікті Кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек, кәсіби, сондай-ақ әлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында олардың еріктілігі, тең
құқылығы және ынтымағы негізінде құрылады және әрекет етеді.
2.2.    Жергілікті Кәсіподақ және оның мүшелерінің құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ осы Жарғыда көзделген мақсаттарға қол жеткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету Жергілікті Кәсіподақ қызметінің мәні болып табылады.
2.3.    Жергілікті Кәсіподақ өз мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі міндеттерді жүзеге асырады:
-    Жергілікті Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарын және оны дамыту стратегиясын айқындайды;
-    жұмыс беруші және олардың бірлестіктерінің алдында, дауларды сотқа дейін реттеуде, соттарда қарау кезінде өз мүшелерінің кұқықтары мен мүдделерін білдіреді және қорғайды, прокурорлық қадағалау аясында жатқан низамдық (нормативтік) құқықтық актілерге наразылық білдіру туралы прокуратура алдында өтінішхат береді;
-    Жергілікті Кәсіподақ кұрамына кіретін бастауыш ұйымдарды біріктіреді және олардың
қызметтеріне басшылық етеді;
-    әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі, жұмыс берушімен, сондай-ақ кәсіпорындағы әлеуметтік әріптестік тараптарымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөнінде ұжымдық шарт және басқа келісімдер жасасады, ұжымдық шарт және келісімдер талаптарының орындалуына бақылау жасайды;
-    бітімгерлік рәсімдерде еңбек және ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысады, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау құралы ретінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жиналыстар, митингілер және ұжымдық әрекеттің басқа түрлерін өткізуді ұйымдастырады;
-    еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамалардың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысады;
-    Жергілікті Кәсіподақ мүшелеріне тегін құқықтық көмек көрсетеді, қоғамдық еңбек инспекцияларының, заң қызметтері мен консультацияларының қызметіне жәрдемдеседі, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың басқа тәсілдерін пайдаланады;
-    Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің еңбекақы, кепілдіктер және жеңілдіктер туралы мәселелері бойынша заңнамалардың сақталуына бақылау жасайды;
-    өндірістік нысандарды қауіпсіз еңбек жағдайы бойынша аттестаттауға қатысады;
-    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен бірге Жергілікті Кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасылары арасында сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге жәрдемдеседі, шипажайлық-курорттық емдеуді, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыруды, туризмді, тынығуды, мәдениетті, бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
-    Жергілікті Кәсіподақтың бастауыш ұйымдары мен сайланбалы органдары мүшелерінің қызметтік құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
-    өз мүшелеріне ұйымдастыру, консультативтік, кұқықтық, материалдық және
қайырымдылық көмек көрсетеді;
-    Жергілікті Кәсіподақтың тұтастығын және бірлігін қамтамасыз етеді;
-    кәсіподақтардың жұмыс тәжірибесін зерделейді және таратады;
-    қаржы қорларын қалыптастырады, осы Жарғыда көзделген міндеттерді орындау үшін шаруашылық қызметті жүзеге асырады;
-    Жергілікті Кәсіподақтың қызметін үгіттеу және насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады;
-    қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өз өкілдерін ұсынады.
III. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕЛІК, ОҒАН КІРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ, МҮШЕЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
3.1.    Жарғыны мойындайтын және мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін келесі
тұлғалар Жергілікті Кәсіподақтың мүшесі бола алады:
Ұйымдық-құқықтық нысандарға және меншік нысандарына қарамастан, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС-де, сондай-ақ оған қызмет көрсетуші кәсіпорындарында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар кәсіподақ мүшесі бола алады.
-    жұмыс істейтін немесе уақытша жұмыс істемейтін зейнеткерлер.
3.2.    Жергілікті Кәсіподақтың мүшелері тең құқылы және тең міндеттер атқарады.
Жергілікті Кәсіподақтың мүшесі бір мезгілде басқа оқшау кәсіподақтарда бола алмайды.
3.3. Жергілікті Кәсіподаққа мүшелік ерікті болып табылады. Жергілікті Кәсіподақ
мүшелігіне қабылдану және одан шығу тиісті кәсіподақ ұйымына жазбаша түрде берілген
жеке өтініш бойынша дербес тәртіппен жүргізіледі. Жергілікті Кәсіподаққа қабылдау
және одан шығару туралы шешім Жергілікті Кәсіподақтың кәсіподақ комитетінің
отырысында (одан әрі - Кәсіпком) қабылданады, содан кейін жиналыста ол туралы
ақпарат беріледі.
3.4.    Жергілікті Кәсіподақ мүшелерін есепке алу есеп карточкалары бойынша немесе электрондық нұсқада негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.
3.5.    Кәсіподақтық өтіл Кәсіподаққа мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап есептеледі және кәсіподақтар беретін жеңілдіктерді пайдаланған кезде
ескеріледі.
Мүшелік кәсіподақ жарналары уақтылы төленген кезде кәсіподақтың өкіл және оған
мүшелік:
-    жасы бойынша, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығуға байланысты жұмыс істеуді
тоқтатқан;
-    штаттың қысқаруына, кәсіпорынның таратылуына байланысты уақытша жұмыстан
айрылған кәсіподақ мүшелері үшін сақталады.
3.6.    Жергілікті Кәсіподақ мүшесі құқылы:
-    Жергілікті Кәсіподақ және оның органдары тарапынан өздерінің еңбек, кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің мемлекеттік билік органдарында, жұмыс берушілер алдында, сот және басқа да органдарда қорғалуына;
-    консульхация алу үшін, өтініштермен, ұсыныстармен кәсіподақ органдарына жүгінуге және өтініштің мэні бойьшша жауап алуға;
-    еңбек және өзге дауларды шешу кезінде кәсіподақ органдары көрсететін тегін заңдық
көмекті пайдалануға;
-    Жергілікті Кәсіподақ қаражаты есебінен материалдық, қайырымдылық көмек алуға;
-    кәсіподақ органдарына сайлауға және сайлануға;
-    Жергілікті Кәсіподақ қызметіне қатысуға, Жергілікті Кәсіподақ қызметіне байланысты барлық мәселелерді кез-келген деңгейде көтеруге және еркін талқылауға, сайланбалы органдардың жұмысына баға беруге, олардың қызметі туралы кез келген ақпаратты алуға;
-    Жергілікті Кәсіподақ жасаған шарттарда және келісімдерде көзделген қосымша
жеңілдіктер және өтемақыларды алуға;
-    Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін моральдық және материалдық марапатталуға;
-    кәсіподақ ұйымынан жеке арызы негізінде шығуға.
3.7.    Жергілікті Кәсіподақ мүшесі міндетті:
-    Жарғыны сақтауға, Жергілікті Кәсіподақ және жоғары тұрған кәсіподақ органдары қабылдаған шешімдерді орындауға;
-    ай сайын,  белгіленген тэртіппен және мөлшерде мүшелік кәсіподақ жарналарын
төлеуге;
-    Жергілікті Кәсіподақ қызметіне қатысуға;
-    Кәсіподақтың ұйымдық бірлігі мен тұтастығын қорғауға;
-    кәсіподақ органдарының шешімдерін және өзіне жүктелген кәсіподақтық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға;

-    Жергілікті Кәсіподақты жікке белуге, оның атымен жүргізетін саясатының беделін түсіруге бағытталған, кәсіподақ қозғалысына зиян келтіретін әрекеттерге бөгет жасауға;
-    Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде олармен ынтымақтастық танытуға, Жергілікті Кәсіподақтың ұжымдық әрекеттерін қолдауға;
-    еңбек және ұжымдық шарттарда, келісімдерде көзделген міндеттерді орындауға.
3.8.    Жергілікті Кәсіподаққа мүшелік одан шыққан кезде немесе шығарылған кезде,
сондай-ақ жұмыстан шыққан немесе басқа жұмыс орнына ауысқан кезде тоқтатылады.
Жергілікті Кәсіподақхан шығу туралы мәселені кәсіподақ мүшесінің жеке өтініші
негізінде Кәсіподақ комитеті қарайды.
Жергілікті Кәсіподақтан шығару туралы мәселе Кәсіподақ мүшесі жарғылық міндеттерді жүйелі түрде орындамаған жағдайда, сондай-ақ ол кәсіподақтың бірлігін бұзатын және оған зиян келтіретін әрекеттер жасаған кезде қаралады.
Жергілікті Кәсіподақ мүшесі өзін кәсіподақ беретін жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айырғаннан немесе Жергілікті кәсіподақтан шығарғаннан кейін қабылданған шешімге екі айлық мерзімде Салалық Кәсіподақтың алқалық органдарына шағым жасауға құқылы.
3.9.    Жергілікті Кәсіподақ беретін жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айыру және
Жергілікті кәсіподақтан шығару туралы шешімді кейіннен бастауыш ұйымға хабарлай
отырып, Кәсіподақ комитеті қабылдайды. Осы шешім кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қабылданады.
Ол мәселені қарау кезінде қатысудан дәлелді себептерсіз бас тартқан жағдайда, мәселе
оның қатысуысыз шешіледі.
Шешім, егер оған кворум болған кезде, жиналыста қатысып отырған Кәсіподақ комитеті
мүшелерінің үштен екісі жақтап дауыс берсе, қабылданған больш есептеледі.
3.10.    Жергілікті Кәсіподақтан шыққан немесе шығарылған адам Жергілікті Кәсіподақтың
қорғау құқығынан, Жергілікті Кәсіподақтың меншігін пайдалану құқығынан айрылады.
Төленген мүшелік кәсіподақ жарналарының сомасы оған қайтарылмайды.
Жергілікті Кәсіподақтан шыққан немесе шығарылған адам бір жылдан кейін ғана жалпы негіздерде Жергілікті Кәсіподақ мүшелігіне қайтадан қабылдануы мүмкін.
3.11.    Жұмыстан босатылуына немесе басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты
бастауыш кәсіподақ ұйымымен байланысын үзіп алған Жергілікті Кәсіподақ мүшесі
Жергілікті кәсіподақтың кәсіподақ комитетінің шешімімен кәсіподақтық есептен
шығарылады.
3.12.    Қатарынан үш ай бойы дәлелді себептерсіз мүшелік жарналарын төлемей отырған Жергілікті Кәсіподақ мүшесі өзі берешегін жапқанға дейін Жергілікті Кәсіподақ тарапынан қорғалу құқығын жоғалтады. Әрі қарай оны Жергілікті Кәсіподақтан шығару туралы мәселе шешілуі мүмкін.
3.13.    Кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқаны үшін Жергілікті Кәсіподақ мүшелерін мьшадай көтермелеу шаралары көзделген:
1)    алғыс;
2)    ақшалай сыйақы немесе бағалы сыйлық;
3)    демалыс үйлеріне, шипажайлық-курорттық емделуге жолдама, туристік жолдама;
4)    жоғары тұрған кәсіподақ органдарының марапаттаулары.
3.14.    Жергілікті Кәсіподақ мүшесі Жергілікті Кәсіподақтың материалдық міндеттемелері
бойынша жауап бермейді, сондай-ақ Жергілікті Кәсіподақ та өз мүшелерінің
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

IV. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

4.1. Жергілікті Кәсіподақ «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС-де өндірістік-салалық қағидат бойынша құрылады және өз қызметін келесі ұстанымдар негізінде кұрады:
-    Жергілікті Кәсіподақтың бірлігі;
-    Жергілікті Кәсіподаққа кірудің еріктілігі және одан еркін шығу;
-    Кәсіподақтың төменнен жоғары қарай барлық органдарының сайланбалығы, олардың Жергілікті  Кәсіподақ мүшелері және жоғары тұрған кәсіподақ органдары алдында есеп
беруі;
-    Жергілікті   Кәсіподақтың сайланбалы органдарының шешімдерін орындау Жергілікті
Кәсіподақ мүшелері үшін міндетті болуы;
-    Жергілікті Кәсіподақтың сайланбалы органдарындағы жұмыстың алқалы және жариялы
болуы, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуы үшін жеке
жауапкершілік;
-    қызметтегі   дербестік,   өз   мүшелерінің   тең   құқылығы,   әріптестік,   диалог   және ынтымақтастық;
-    кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға, кадрлық
резервті даярлау мен жоғарылатуға ұсыныс беруге негізделген бірыңғай кадр саясаты;
_ - бірыңғай қаржы саясаты;
-    Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің ортақ міндеттерді іске асырудағы ынтымағы,
қолдауы және өзара көмегі.
4.2.    Жергілікті Кәсіподақтың ұйымдық құрылымы біртұтас және оған бастауыш және
цехтық ұйымдар кіреді.
4.3.    Бастауыш ұйым Жергілікті Кәсіподақтың заңды тұлға құрмайтын құрьшымдық
бөлімшесі және «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС өндірістік бөлімшелері, сондай-ақ оған
қызмет көрсетуші кәсіпорындар деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің
өкілетті өкілдері болып табылады.
4.3.1.    Бастауыш ұйым кемінде үш Жергілікті Кәсіподақ мүшесі, немесе Кәсіподаққа кіру
туралы өтініш берген, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС өндірістік бөлімшелері, сондай-ақ
оған қызмет көрсетуші кәсіпорындар жұмыс істейтін үш азаматтың бастамасы бойьшша
құрылады.
Құрылтай жиналысын өткізу күні мен орны туралы шешімді Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ комитеті қабылдайды.
4.3.2.    Бастауыш ұйымның жоғары органы жиналыс болып табылады, ол қажеттігіне қарай,
бірақ кемінде жылына бір рет өткізіледі. Жиналыстың өткізілетін күні, күн тәртібі және
орны туралы Кәсіподақ мүшелері белгіленген мерзімнен кемінде екі апта бұрын хабардар
етіледі.
Кезектен тыс жиналысты кәсіподақ комитеті (кәсіптік ұйымдастырушы) өз бастамасы бойьшша, ұйым мүшелерінің үштен бір бөлігінің бастамасы бойьшша немесе Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ комитетінің шешімі бойьшша өткізеді. Кезектен тыс жиналыстың өткізілетін күні, күн тәртібі және орны туралы кәсіподақ мүшелеріне оны өткізуден кемінде бір апта бұрын хабарланады.
Жиналыс, егер оның жұмысына бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жартысынан астамы қатысып отырса, заңды болып есептеледі.
4.3.3.    Бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы бастауыш ұйымның қызметіне жататын
кез келген мәселені шешуге құқылы. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жиналысының ерекше
құзыретіне:
-бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі міндеттері мен басым бағыттарын белгілеу;
-    бастауыш кәсіподақ ұйымының (кәсіптік ұйымдастырушы), кәсіподақ комитетінің және
тексеру комиссиясының (қазынашы) төрағасын сайлау жатады.
4.3.4.    Бастауыш ұйымда ағымдағы жұмысты жүргізу үшін:
-    Кәсіподақ мүшелерінің отыздан азын біріктіретін ұйымда - кәсіптік ұйымдастырушы;
-    Кәсіподақ мүшелерінің отыздан және одан артығын біріктіретін ұйымда төраға
басшлық ететін кәсіподақ (цех) комитеті сайланады.
Бастауыш ұйым өз қызметін осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
4.3.5.    Кәсіподақ комитетінің (цехком) отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде
тоқсанына бір рет өткізіледі. Кәсіподақ комитеті (цехком) тікелей жиналыстың қарауына
жататындарын қоспағанда, бастауыш ұйым қызметінің барлық мәселелері бойьшша
шешімдер қабылдауға құқылы және өзінің қызметінде жиналысқа, Жергілікті
Кәсіподақтың Кәсіподақ комитетіне есеп береді.
4.3.6.    Бастауыш ұйымның төрағасы лауазымы бойынша Жергілікті Кәсіподақ
конференциясына делегат, бастауыш ұйымның өкілетті өкілі болып табыпады және:
-    кәсіподақ комитеті мен жиналысының құзыретіне жатпайтын жедел қабыл мәселелерді
өз бетінше шешуге;
-    кәсіподақ комитетінің (цехком) отырысын шақыруға және жүргізуге, қабылданған
шешімдерге және отырыстардың хаттамаларына қол қоюға құқылы.
4.3.7.    Кәсіподақ комитетінің (цехкомның) шешімімен «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС
өңдірістік бөлімшелерінде кәсіби топтар кұрылуы мүмкін.

V. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚҚА КІРУ, ОДАН ШЫҒУ, МҮШЕЛІКТІ ЖОҒАЛТУ
ШАРТТАРЫ МЕН ТЭРТІБІ

5.1. Жергілікті Кәсіподақ құқылы:
-    өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда өз өкілеттіктері шегінде қызметкерлердің өкілдері болуға;
-    Салалық  Кәсіподақтың  алқалы  органдарында Жергілікті     Кәсіподақ  және  оның
мүшелерінің атынан белгіленген тәртіпте өкілдік етуге;
-    келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт және келісімдер жасасуға;
-    еңбекшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қозғайтын заңдар және өзге де низамдық (нормативтік) құқықтық актілер жобалары бойынша Салалық Кәсіподақтың үхыныстарын дайындауға қатысуға;
-    Салалық келісімді әзірлеу және жасасу бойынша ұсыныстар енгізуге және Салалық Кәсіподақ қызметіне қатысуға;
-    кәсіподақ қызметінің жарғылық мәселелері бойынша Салалық Кәсіподаққа өтініш жасауға және қажетті ақпарат, консультациялар мен көмек, өз құқықтары мен мүдделерінің мемлекеттік органдарда құқықтық қорғалуын алуға;
-    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдың бақылауды жүзеге асыруға;
-    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанушылықтың және кәсіби сырқаттардың алдын алу бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға;
-    келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес, өз өкілдері арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, қалыпты еңбек жағдайларын зерделеу және оларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау үшін кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына баруға;
-    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен ереуілдерді, бейбіт
жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды
ұйымдастыруға және өткізуге;
- жеке және ұжымдық еңбек дауларын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес шешуге қатысуға;
-    өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғап, сотқа талап арыздар беруге, медиация жүргізген кезде, сотта, еңбек төрелігінде немесе аралық сотта, мемлекеттік органдарда олардың мүддесіне орай сөз сөйлеуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;
-    еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға;
-    кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсететін мемлекеттік органдардың актілеріне сотқа шағым жасауға;
-    баспа қызметімен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
-    кәсіподаққа меншік құқығында тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге;
-    өз мүшелерінің мүддесінде және жарғылық мақсаттарға сәйкес өндірістік және
шаруашылық қызметті жүзеге асыруға;
-    ақша қорларын қалыптастыруға.
5.2. Жергілікті Кәсіподақ міндетті:
-    Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Жарғының ережелерін, одақішілік
тәртіпті, кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтауға және олардың орындалуы үшін
жауапты болуға;
-    Кәсіподақтың қызметін қолдауға және оның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға белсенді түрде атсалысуға, мүше ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда ынтымақтастық танытуға;
-    кәсіподаққа мүшелікті өзара тануға;
-    қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесін және еңбек тәртібін, сондай-ақ еңбек
кауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге;
-    әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және болдырмау бойынша өз өкілеттіктері шегінде шаралар қабылдауға;
-    Ұжымдық шарт бойынша міндеттерін орындауға, Салалық келісімді жасасуға және орындауға жәрдемдесуге;
-    кәсшодақ мүшелерінің арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері, еңбек дауларында
келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу қабілетін дамыту бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
-    Жергілікті Кәсіподақ кәсіподақ мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасьшда белгіленген ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге;
-    мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу және өзінің қызметі туралы Салалық Кәсіподаққа белгіленген тәртіпке және мерзімдерге сай ақпарат беруге;
-    Салалық Кәсіподақтың, бастауыш ұйымдардың қызметіне залал келтіруі мүмкін және кәсіподақ ұйымдарының Салалық Кәсіподақтан оқшауланып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге;
-    Салалық Кәсіподақты осы Жарғыға, сайланбалы органдары мен басшы кадрларының кұрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етуге, Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің саны туралы статистикалық мәліметтерді, қаржылық есептілікті, басқа да ақпаратты Салалық Кәсіподақтың сайланбалы алқалы органдары белгілеген көлемде және тәртіппен беруге;
-    бірыңғай кадр саясатын жүргізуге және кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін іріктеу, орналастыру және оқыту, кадрлық резервті қалыптастыру және жоғарылатуға ұсыну мәселелеріне қатысты Салалық Кәсіподақтың алқалы органдарымен келісімді, өзара іс-қимылды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;
-    бірьщғай қаржы саясатын жүргізуге, Салалық Кәсіподақ құрған кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржылық және өзге де қолдау көрсетуге жәрдемдесу.
53. Жергілікті Кәсіподақ жұмыс берушілермен қатынастарда өз мүшелерінің атынан өкілдік етеді, олардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін келесі жолдармен қорғайды:
-    құқықтық және консультацияльщ көмек көрсету, оның ішінде кәсіподақ мүшесі жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан кезде көмек көрсету;
-    ұжымдық шартқа, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өз мүшелерінің еңбек шартын тоқтатуының, еңбек жағдайларын келісуінің негізділігі туралы уәжді пікір білдіру;
-    өз мүшелерінің құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа арызбен жүгіну;
-    өз мүшелерінің, сондай-ақ өзіне шарттық негізде уәкілеттік берген қызметкерлердің
атынан жұмыс берушімен ұжымдық шарт, келісім жасасу;
-    жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын
қарау кезінде бітімгерлік комиссиясы мен еңбек төрелігінің құрамына қатысу;
-    жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге, оның ішінде өндірістегі жазатайым
окиғаларды тергеп-тексеруге қатысу.
Өз мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа барлық тәсілдер пайдалануы мүмкін.
5.4. Жергілікті Кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті келесі жолдармен іске асырады:
-    әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі
комиссияның жұмысына қатысу;
-    ұжымдық шарт жобасын әзірлеу және оларды жасасу;
-    еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, кызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету және Казақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), мемлекеттік органдармен консультациялар (келіссөздер) жүргізу.
5.5. Жергілікті Кәсіподаққа ортақ еңбек, өндірістік және кәсіби мүдделермен байланысқан, Жергілікті Кәсіподақтың Жарғысын мойындайтын және кәсіподақтың мүшелік жарналарын төлейтін басқа кәсіпорындардың бастауыш ұйымдары кіре алады. 5.6. Жергілікті Кәсіподақ құрамына кіруге ықылас білдірген бастауыш ұйым сайланбалы кәсіподақ органының Жергілікті Кәсіподаққа кіру туралы шешімін және оның Жарғысын мойындайтындығы және кәсіподақтың мүшелік жарналарын төлейтіндігі туралы жазбаша
өтінішін береді.
5.7.    Жергілікті Кәсіподақ құрамына кірген күннен бастап бастауыш ұйым белгіленген тәртіпте кәсіподақтың мүшелік жарналарын төлейді.
5.8.    Жергілікті Кәсіподаққа мүшелік тоқтатылуы мүмкін:
-    бастауыш ұйым жиналысының Жергілікті Кәсіподақ құрамынан шығу туралы шешімі бойьшша;
-    бастауыш ұйым таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда;
-    бастауыш ұйымды Жергілікті Кәсіподақтың құрамынан шығаруға байланысты.
5.9.    Бастауыш ұйым Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитетіне өтініш берген кезден
бастап бір ай өткеннен кейін Жергілікті Кәсіподақтан шыққан болып есептеледі.
Көрсетілген мерзім өткенге дейін мүше ұйым өз құқықтары мен міндеттерін осы Жарғыға
сәйкес жүзеге асыруды жалғастыра береді.
5.10.    Өз қызметін тоқтату (тарату) туралы шешім қабылдаған Бастауыш ұйым өзі Оқшау Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитетін жазбаша хабардар еткен кезден бастап Жергілікті Кәсіподақтағы өз мүшелігін жоғалтқан болып есептеледі.
5.11.    Жарғылық талаптарды сақтамайтын, оның сайланбалы органдарының шешімдерін орындаудан жүйелі түрде жалтаратын, Жергілікті Кәсіподақтың мүдделері мен мақсаттарына залал келтіре отырып әрекет ететін, сондай-ақ белгіленген мөлшердегі мүшелік жарналарды дәлелді себептерсіз аудармайтын бастауыш ұйымдардың Жергілікті Кәсіподақ қызметіне қатысуы туралы мәселені Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті шешеді.
5.12.    Бастауыш ұйымның басшысы және осы бастауыш ұйымның атынан өкілдік ететін басқа мүшелері бастауыш ұйымның осы Жарғыны бұзғаны және мүшелік жарналарды Жергілікті Кәсіподаққа төлемегені үшін белгіленген тәртіпте үш айға дейінгі мерзімге Кәсіподақ Комитетінде дауыс беру құқығынан айырылуы немесе Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитетінің құрамынан шығарьшуы мүмкін. Егер белгіленген мерзім ішінде көрсетілген кемшіліктерді жоймаса, бастауыш ұйымның Жергілікті Кәсіподақ қызметіне қатысуы туралы мәселені Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті шешеді.
5.13.    Бастауыш ұйым бұзушылықтарды жойған жағдайда Кәсіподақ Комитеті осы бастауыш ұйым басшысының дауыс беру құқығын, оның Кәсіподақ Комитетіне мүшелігін, ал бастауыш ұйымның Жергілікті Кәсіподақ құрамындағы мүшелігін қалпына келтіру туралы мәселені қарайды.
5.14.    Бастауыш ұйымды Жергілікті Кәсіподақтан шығару туралы шешімді Кәсіподақ Комитеті қабылдайды және ол кворум болған кезде, егер оған Кәсіподақ Комитеті мүшелерінің кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі.
5.15.    Жергілікті Кәсіподақтағы өз мүшелігін тоқтатқан бастауыш ұйымдардың Жергілікті
Кәсіподақ меншігіне, сондай-ақ өздері енгізген мүшелік жарналар мен Кәсіподаққа берген
мүлікке құқығы болмайды.

VI. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСШЫ ОРГАНДАРЫ

6.1.    Конференция Жергілікті Кәсіподақтың жоғары органы болып табылады, ол кемінде
бес жылда бір рет шақырылады.
Конференция шақыру және оның болжамды күн тәртібі туралы конференцияға дейін бір айдан кешіктірмей хабарланады. Конференцияның күнін, өткізілетін орнын, онда өкілдік ету нормасы мен оған делегаттарды сайлау тәртібін Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті белгілейді.
6.2.    Жергілікті Кәсіподақ Конференциясы:
-Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті мен Бақылау-тексеру комиссиясының қызметі туралы есептерді тыңдайды, олардың жұмысына баға береді;
-    Жергілікті Кәсіподақ қызметінің басым бағыттары және кезекті міндеттерін белгілейді; -Жергілікті Кәсіподақ Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
-    Жергілікті Кәсіподақ төрағасын сайлайды;
-    Жергілікті Кәсіподактың Кәсіподақ Комитетінің және Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлайды;
-    Жергілікті Кәсіподақты ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
-Жергілікті Кәсіподақтың қызметімен байланысты кез келген басқа да шешімдерді
қабылдайды.
Жергілікті Кәсіподақ Конференциясы, егер оған сайланған делегаттардың кемінде үштен
екісі қатысып отырса, заңды болып есептеледі.
Жергілікті Кәсіподақ Конференциясының шешімдері, егер оған кворум болған кезде
дауыс   беруге   қатысқан делегаттардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе,
қабылданған болып есептеледі. Конференция шешімдерін қабылдау кезінде дауыс беру
тәртібі мен нышанын оның делегаттары айқындайды.
6.3.    Кезектен тыс Жергілікті Кәсіподақ Конференциясы Кәсіподақ Комитетінің бастамашылығымен шақырылады немесе оның мүшелерінің кемінде үштен бірінің талабы бойынша шақырылады. Кезектен тыс Конференцияның шақырылу күні, өткізілетін орны және күн тәртібі туралы кемінде басталуына дейінгі екі аптадан кешіктірілмей хабарланады.
6.4.    Конференциялардың аралығындағы кезеңде Кәсіподақ Комитеті Жергілікті Кәсіподақтың сайланбалы басшы органы болып табылады. Жергілікті Кәсіподақ Конференциясы Кәсіподақ Комитетін бес жыл мерзімге сайлайды және ол қажет болуына қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет шақырылады.
Жергілікті   Кәсіподақ төрағасы Кәсіподақ Комитетінің жұмысын басқарады. Кәсіподақ Комитетінің   отырысы   Жергілікті      Кәсіподақтың   Кәсіподақ   Комитетінің   құрамына сайланған мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде заңды болып табылады. Кәсіподақ   Комитетінің   кезектен   тыс   отырысын   өз   бастамасы   бойынша   немесе мүшелерінің кемінде үштен бірінің талабы бойынша шақырады.
Кәсіподақ Комитеті өз қызметінде Жергілікті Кәсіподақ Конференциясына есеп береді. Жергілікті   Кәсіподақ төрағасы өз лауазымы бойынша Кәсіподақ Комитетінің мүшесі болып табылады.
Кәсіподақ Комитетінің шешімдері отырысқа қатысқан мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Кәсіподақ Комитетінің отырыстары хатталады, хатгамаларды ағымда сақтау мерзімі - қажеттігі жойылғанға дейін, бірақ бес жылдан кем емес. Конференциялардың аралығындағы кезеңде Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті мен Бақылау-тексеру комиссиясы өз мүшелеріне толықтыру (оларды алмастыру, қосымша сайлау) жүргізуге құқылы.
6.5.    Кәсіподақ Комитеті:
-    осы Жарғыда айқындалған Жергілікті Кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттерін іске
асыруды қамтамасыз етеді, Конференциялар шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
-    Жергілікті Кәсіподақ және бастауыш ұйымдар мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Жергілікті Кәсіподақ кызметінің негізгі бағыттарын әзірлейді;
-    әлеуметтік әріптестікті дамытуға, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін жасауға, әлеуметтік тұрақтылықты және өндірістің түрақты дамуын сақтауға қатысады;
-    Жергілікті Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының жарғылық міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді, бірлескен акциялар мен іс-шаралар өткізеді;
-    Жергілікті Кәсіподақтың мүлкін және қаржысын пайдаланады, билік етеді;
-    Жергілікті Кәсіподақтың бюджетін, аппаратты ұстауға, одақішілік қызмет жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекітеді;
-    Жергілікті Кәсіподақтың статистикалық және қаржылық есептілігін белгіленген
тәртіпте қамтамасыз етеді;
-    Жарғының және Жергілікті Кәсіподақ органдары шешімдерінің орындалуы, сондай-ақ олардың қызметі туралы Жергілікті Кәсіподақтың бастауыш ұйымдары басшьшарьшың ақпаратын тыңдайды;
-    комиссиялар және басқа да тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын құрады, оларға өкілеттіктер береді, олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді;
-    Кәсіподақ Комитеті Төрағасының орынбасарларын сайлайды және босатады;
-    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай кәсіпорын басшылығымен бірге
қызметкерлермен еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұжымдық шартты дайындауға
және жасасуға қатысады;
-    еңбекті қорғаудың қоғамдық инспекторларын сайлайды және ұжымдық шарт
ережелерінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуына, жұмыс
орындарында салауатты және қауіпсіз жұмыс жағдайларының қамтамасыз етілуіне
бақылау жасайды;
-    еңбек жағдайын, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын және өндірістік нысандардағы санитарлық-экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдеседі;
-    өзіне Жергілікті  Кәсіподақ конференциясы табыстаған басқа да функцияларды жүзеге
асырады.
6.6. Жергілікті Кәсіподақ төрағасы келесі атқарушылық-өкімдік функцияларды жүзеге
асырады:
-    осы Жарғының, Жергілікті Кәсіподақ конференцияларының және Кәсіподақ
Комитетінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
-    конференцияға есеп береді, ал конференциялар аралығындағы кезеңде - Жергілікті
Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитетіне есеп береді;
-    Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитетін басқарады;
-    мемлекеттік органдарда, жұмыс берушілер бірлестіктерінде, қоғамдық бірлестіктерде, өзге де ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында Жергілікті Кәсіподақтың атьшан
өкілдік етеді;
-    қажет болған жағдайларда мәлімдемелер жасайды, Жергілікті   Кәсіподақтың атынан
өтініштер мен қолдаухаттар жібереді;
-    Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитетімен келісе отырып, жұмыс берушімен ұжымдық шарт және келісімдер жасасады;
-    Кәсіподақ Комитеті айқындаған өкілеттіктер шегінде Жергілікті Кәсіподақтың мүлкі мен ақшалай қаражатына билік етеді;
-    бастауыш ұйымдар мен кәсіподақ белсенділерін өз қызметі туралы ұдайы хабардар етіп
отырады;
-    өкілеттіктер мен міндеттерді төраға, оның орынбасарлары және Кәсіподақ Комитеті
мүшелері арасында бөледі;
-    Кәсіподақ Комитеті аппаратына жалпы басшьшықты, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау
мен жұмыстан босатуды, оларды моральдық және материалдық көтермелеу шараларын
жүзеге асырады;
-    Салалық Кәсіподақтың Жарғысына сай мүшелік кәсіподақ жарналарының толықтай
жиналуына және олардың міндетті аударымдары және бөліну тәртібінің сақталуы үшін
жеке жауапкершілікті көтереді;
-    сенімхат береді;
-    банкте есеп айырысу және басқа, валюталық шоттарды қосқанда, шоттар ашады;
-    қаржыны, соның ішінде несиелік қаржыларды да, басқару құқығын пайдаланады;
-    орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады;
-    қаржылық құжаттарға қол қояды және жарғы мен қолданыстағы заңнамада көзделген басқа әрекеттерді жүзеге асырады;
-    өзіне конференция және Кәсіподақ Комитеті табыстаған басқа да функцияларды жүзеге
асырады.
Жергілікті   Кәсіподақтың төрағасы лауазымы бойьшша конференция делегаты болып
табылады,   Кәсіподақ   Комитеті   отырыстарын   жүргізеді.    Төраға   болмаған   кезде отырыстарды оның тапсырмасы бойынша орынбасары жүргізеді.
6.7. Кәсіподақ Комитеті төрағасының орынбасарлары лауазымы бойынша Жергілікті
Кәсіподақ конференциясының делегаттары болып табылады.
Жергілікті Кәсіподақ төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Жергілікті Кәсіподақ
төрағасының тапсырмасы бойьшша оның орынбасарлары жүзеге асырады.

VII. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

7.1. Кәсіподақтың Тексеру комиссиясы (одан әрі - Тексеру комиссиясы)    Жергілікті
Кәсіподақтың қаржы-шаруашылық қызметін, мүшелік жарналар мен басқа да ақшалай
түсімдердің есептелуі мен түсуін, Жергілікті Кәсіподақтың ақшалай қаражатының дұрыс
жұмсалуын,  мүлкінің  дұрыс  пайдаланылуын  бақылауды  жүзеге  асыратын  бақылау-тексеру органы больш табылады.
Тексеру комиссиясы жеткілікті біліктілігі және қаржы-шаруашылық қызметті тексеру құқықтары бар Жергілікті Кәсіподактың мүшелері ішінен бес жыл мерзімге сайланады. тексеру Комиссиясы өз жұмысын дербес атқарады, Жергілікті Кәсіподақ Салалық Кәсіподаққа есеп береді және Жергілікті Кәсіподақ Жарғысына, алқалылық және шарттық қағидаттары негізінде Салалық Кәсіподақ бекіткен Ережеге сай әрекет етеді.
7.3. Тексеру Комиссиясьшың сандық құрамын Жергілікті Кәсіподақ конференциясы
7.4. Тексеру комиссияның төрағасы Тексеру комиссиясының  отырысында көпшілік дауыспен сайланады, ол лауазымы бойынша Жергілікті Кәсіподақ конференциясының делегаты болып табылады.
дауыс беру нышанын (ашық немесе жабық) Тексеру Комиссиясы анықтайды.
7.5. Кәсіподақ Комитетінің мүшелері  және Жергілікті  Кәсіподақ аппаратьшың штаттық қызметкерлері Тексеру Комиссиясына мүше бола алмайды.
Тексеру Комиссиясы Жергілікті Кәсіподақ және бастауыш ұйым қызметін қарау және текруді   жылына кемінде бір рет жүзеге асырады, Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің өтініш бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
7.7. Тексеру Комиссиясының мүшелері Кәсіподақ Комитетінің отырысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
7.8. Тексеру Комиссиясы өз жұмысы туралы Жергілікті   Кәсіподақ конференциясында кемінде жылына бір рет Кәсіподақ Комитетімен бір мезгілде есеп береді.
7.9.  Жергілікті    Кәсіподақ Кәсіподақ Комитетінің қаржысы осы Жарғыда көзделген етті қамтамасыз ету үшін бекітілген шығындар сметасына сәйкес жұмсалады.
Жоғары тұрған кәсіподақ органдарына жарты жылда бір рет қаржылық есеп беріледі.

VIII ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ФИЛИАЛЫМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ.

8.1. Жергілікті Кәсіподақ Салалық Кәсіподақтың Маңғыстау облыстық филиалымен өзара қарым-қатынасын және өзінің практикалық қызметін Салалық Кәсіподақ Жарғысына сай жүзеге асырады.
8.2. Жергілікті    Кәсіподақ  мүше  ұйым  ретінде  Салалық Кәсіподақтың  Маңғыстау  филиалының ұйымдық құрылымына кіреді және Осы Жарғы аясында:
-кәсіподақ кадрларын іріктеу және оқыту, олардың резервін қальштастыру жөніндегі жұмыстары бірлесіп жүргізеді;
-съездер   конференцияларға делегат, Салалық Кәсіподақтың облыстық филиалының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының  сайланбалы органдарына мүше кәсіподак     органдарының     басшылық     лауазымдарына     саилану     үшін кандидатураларды келісу және ұсынуды камтамасыз етеді;
-Салалық Кәсіподақ құрамына кіретін бастауыш ұйымдарға ұжымдық келіссөздер
жүргізу, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу, туындаған еңбек дауларын шешу істеріне жәрдемдеседі;
-кәсіподақ  ұйымдаына  практикалық,  ұйымдастырушылық, әдістемелік, құқықтық
актілерді бірлесіп көрсетеді.
8.3. Жергілікгі Кәсіподақ Салалық Кәсіподақтың облыстық филиалымен бірлесе отырып, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға, жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жасауға, кәсіподақ ықпалының нығаюына,  сала мен  аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыруға, Салалық Кәсіподақ органдарының шешімдерін орындауға жәрдемдеседі.

IX. КӘСІПОДАҚ ОРГАНДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІК МЕРЗІМДЕРІ

9.1. Кәсіподақта сайлау төменнен жоғары қарай бірыңғай мерзімдерде өткізіледі. Жергілікті  Кәсіподақтың сайланбалы алқалы органдары үшін өкілеттік мерзімдері - бес жыл.
Кәсіподақ мүшелерінің саны үш жүзге дейін болса, Жергілікті Кәсіподақтың цехтық және
бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ органдарының, кәсіподақтық топ ұйымдастырушыларыньң (кәсіптопұйымдастырушылар), кәсіподақтық ұйымдастырушылардың (кәсіпұйымдастырушылар) өкілеттік мерзімдері - бір жыл, кәсіподақ мүшелерінің саны үш жүзден асатын болса - бес жыл.
9.2.    Жергілікті Кәсіподақта есеп беру-сайлау науқанын жүргізу мерзімдері туралы
шешімді Кәсіподақ Комитеті қабылдайды.
Өкілдік ету нормасын, конференцияға делегаттарды сайлау тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу күні мен орнын Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті белгілейді. Бастауыш ұйымдардың төрағалары, олардың орынбасарлары лауазымы бойынша тиісті кәсіподақ органының мүшелері және конференциялардың делегаттары болып танылады.
9.3.    Кәсіподақ Комитеті тікелей конференцияда сайланады. Кәсіподақ ұйымдары
басшыларын және сайланбалы органдар мүшелерін сайлау кезіндегі дауыс беру нышанын
жиналыс, конференция анықтайды.
9.4.    Кворум болған кезде жиналыстың, конференцияның жұмысына қатысып отырған
жиналысқа қатысушьшар дауысының жартысынан астамын алған кандидаттар сайланған
болып есептеледі.
9.5.    Кәсіподақтан шыққан, онымен байланысын жоғалтқан Жергілікті Кәсіподақтың
сайланбалы органдарының мүшелері олардың құрамынан тиісті сайланбалы органның
шешімімімен шығарылады.
Қажет болған жағдайларда кәсіподақ органдарының мерзімінен бұрын сайлаулары немесе олардың құрамына қосымша сайлау өткізілуі мүмкін: -бастауыш кәсіподақ ұйымдарда - кәсіподақ жиналысында; -Жергілікті Кәсіподақта -конференцияда.
9.6. Мерзімінен бұрын сайлаулар сайланбалы органдардың немесе олардың басшыларының өздері немесе кәсіподақ органының, оның басшысының жұмысы қанағаттанғысыз болган, олар осы Жарғыны өрескел бұзған жағдайда жоғары тұрған кәсіподақ органының шешімі бойынша өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде өткізіледі. Кәсіподақ органдарының қосымша сайлаулары сонымен қатар ішінара жаңарту қажет болған жағдайда өткізіледі.

X. КӘСІПОДАҚТЫҢ МҮЛКІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІ, КӘСІПОДАҚТЫҢ МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ

10.1. Жергілікті Кәсіподақ өзіне белгіленген тәртіппен тапсырьшған, кәсіподақ жарналары есебінен, сондай-ақ шаруашылық, баспа қызметінен немесе заңнамада тыйым салынбаған өзге де қызметтен түскен кірістен жасалған немесе сатып алынған мүліктің меншік иесі болып табылады.
10.2 Кәсіподақтың мүлкі бірыңғай меншік болып табылады. Оны иелену, пайдалану және билік ету, меншік нышанын өзгерту тәртібін Кәсіподақ Комитеті анықтайды.
10.3. Жергілікті Кәсіподақтың мүлкін қалыптастыру көздері:
-Жергілікті Кәсіподақтың қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақшалай және өзге де нышандарда қалыптастырылатын мүлкі;
-мүшелік кәсіподақ жарналары;
-ерікті мүліктік жарналар мен қайырымдьшық көмектер;
-шаруашылық,  кәсіпкерлік қызметтен және заңнамада тыйым  салынбаған өзге де қызметтен түскен түсімдер (кірістер);
-заңда тыйым салынбаған басқа да түсімдер.
10.4. Кез келген қызмет түрінен алынған кірістер жарғылық мақсаттарға бағытталады.
Мүлік Жергілікті Кәсіподаққа жеке меншік құқығында тиесілі болады.
10.5. Жергілікті  Кәсіподақ өзіне тиесілі мүлікке қатысты заңнамаға қайшы келмейтін кез-келген әрекетті жасауға құқылы.
10.6.Жергілікті Кәсіподақтың дербес балансы, банктік шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады.

XI. МҮШЕЛІК КӘСШОДАҚ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БӨЛУ.

11.1.  Жергілікті Кәсіподақтың ақшалай қаражаты ай сайьшғы мүшелік кәсіподақ
жарналарынан, шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтен және заңда тыйым салынбаған басқа
көздерден түскен түсімдерден құралады.
11.2. Ай сайынғы Жергілікті Кәсіподақтың меншігі болып табьшады және олар келесі
мөлшерде белгіленеді:
-жұмыс істеушілер үшін айлық жалақының барлық түрлерінің бір пайызы.
11.3. Мүшелік кәсіподақ жарналар Салалық Кәсіподақтың Атқарушы Комитеті бекіткен
тәртіппен Салалық Кәсіподаққа аударылады.
11.4.    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес тараптардың келісімі бойынша және кәсіподақ мүшелерінің жазбаша өтініштері болған кезде жұмыс беруші айына кемінде бір рет жалақыдан мүшелік кәсіподақ жарналарын ұстап қалады және оларды келесі айдың бірінші декадасьшан кешіктірмей, Салалық Кәсіподақтың шотына аударады.
11.5.    Жергілікті Кәсіподақта мүшелік кәсіподақ жарналарын жинау мен бөлудің бірыңғай
тәртібі белгіленеді.
Мүшелік кәсіподақ жарналарын Жергілікті Кәсіподақ мүшелері төлейді және олар мемлекеттік органдар мен сот органдарында, жұмыс берушілер алдында Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу, Жергілікті Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек корсету кезінде білікті мамандарға - консультанттарға ақы төлеуге, ынтымақ қорларын және Жергілікті Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік жағьшан қорғауға бағыталған басқа да қорларды құруға, Жергілікті Кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтарын қорғау үшін акциялар дайындау мен өткізуге, заңдардың және басқа да низамдық (нормативтік) құқықтық актілердің жобаларын сарапшылық бағалауды ұйымдастыруға, ақпараттық және әдістемелік жұмысқа, кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқытуға және басқа да жарғылық мақсаттарға арналады.
Мүшелік кәсіподақ жарналары кәсіподақ мүшесінің өтініші бойынша жалақының барлық түрлерінен қолма-қол емес аударымдар түрінде төленеді. Мүшелік кәсіподақ жарналарын қолма-қол емес ақшамен төлеу тәртібі осы Жарғыда белгіленген мөлшерлерде келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленеді.
11.6.    Жергілікті Кәсіподақ пен оның құрылымдық бөлімшелерінің сайланбалы
органдарының кәсіподақтық бюджеттерінің қаражаты осы Жарғыда көзделген қызметті
қамтамасыз ету үшін олар бекіткен сметаларға сәйкес жұмсалады.
Жоғары тұрған кәсіподақ органдарьша қаржылық есеп жарты жылда бір рет беріледі.
11.7.    Жергілікті Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының басшылары мүшелік кәсіподақ
жарналарын жинаудың толықтығы және олардың міндетті аударылу және бөліну тәртібін
сақтау үшін жеке жауапкершілікті көтереді.

XII. ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

12.1.   Осы   Жарғыға   өзгерістер   мен   толықтырулар   енгізу   Жергілікті      Кәсіподақ Конференциясының айрықша құзыретіне жатады.
12.2. Өзгерістер мен толықтырулар, егер оларға Жергілікті Кәсіподақ Конференциясында қатысып отырған делегаттардың кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Енгізілген   өзгерістер   мен   толықтырулар   заңда   белгіленген   тәртіппен мемлекеттік
тіркелуге жатады.

XIII. КӘСІПОДАҚТЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЖӘНЕ ОЛ
ТАРАТЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОНЫҢ МҮЛКІНІҢ ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ
ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ.

13.1.    Жергілікті Кәсіподақтың қызметі Конференцияның шешімі бойьшша және
заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылуы мүмкін. Жергілікті Кәсіподақты қайта
ұйымдастыруға Жергілікті Кәсіподақтың бірігуі, қосылуы, бөлініп шығуы, қайта
құрылуы және бөлінуі негіз болып табылады.
Қайта ұйымдастырған кезде Кәсіподақтың барлық кұқықтары мен міндеттері оның кұқықтық мирасқорына көшеді.
13.2.    Жергілікті Кәсіподақ қызметі, егер оның құрылымдық бөлімшелерінің адам саны осы Жарғыда оны құру үшін көзделген саннан азайса, Конференцияның шешімі бойынша немесе сот шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
13.3.    Шешім:
- Жергілікті Кәсіподақты қайта ұйымдастыру кезінде, егер ол үшін кворум болған жағдайда съезд делегаттарының кемінде үштен екі бөлігі дауыс берсе;
- Жергілікті    Кәсіподақтың қызметін тоқтату кезінде, егер ол үшін кворум болған жағдайда,   конференция   делегаттарының   кемінде   төрттен   үш   бөлігі   дауыс   берсе, қабылданған болып есептеледі.
13.4.    Жергілікті Кәсіподақтың қызметін тоқтату (тарату) туралы шешім қабылданған
жағдайда, конференция тарату комиссиясын тағайындайды, оның құрамына Кәсіподақтың Тексеру комиссиясының мүшесі кіреді. Қабылданған шешім туралы тиісті
әділет органдары хабардар етіледі.
Тарату комиссиясы Жергілікті Кәсіподақтың қызметін тоқтату (тарату) туралы, сондай-ақ оның кредиторларының наразылық талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялайды. Наразылықтарын мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған сәттен бастап екі ай. Кредиторлардың наразылық талаптарын мәлімдеу мерзімі өткеннен кейін тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, оны Кәсіподақ Комитеті бекітеді. Жергілікті Кәсіподақты немесе оның құрылымдық бөлімшесін таратқаннан кейін қалған Жергілікті Кәсіподақтың мүлкі барлық есеп айырысуларды жүргізгеннен, кредиттерді, несиелер мен олар бойынша пайыздарды қайтарғаннан және басқа да міндетті төлемдерді жүргізгеннен кейін осы Жарғыда көзделген мақсаттарға жіберіледі.
13.5.    Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне осы туралы жазба енгізілген
сәттен бастап тарату аяқталған, ал Жергілікті Кәсіподақ қызметін тоқтатқан деп
есептеледі.
 
 
XIV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

14.1.    Жергілікті Кәсіподақ заңды тұлға құқықтарына ие. Бұл құқықтарды заңнамада, осы
Жарғыға, Жергілікті Кәсіподақ конференциясының және Кәсіподақ Комитеті
шешімдерінде белгіленген шектерде әрекет ететін Жергілікті Кәсіподақ конференциясы,
Кәсіподақ Комитеті, Кәсіподақ төрағасы іске асырады.
14.2.    Жергілікті Кәсіподақтың мөрі, мөртабандары, банктік шоттары, өз атауы бар
бланкілері болады.

Жарғыны қазақ тілінде жүктеп алу